Көкшетауда бұрынғы психодиспансер қаңғыбастар мекеніне айналды

Көкшетауда бұрынғы психодиспансер қаңғыбастар мекеніне айналды

Көкшетауда бұрынғы психиатриялық диспансер ғимараты тұрағы жоқ нашақорлар мен қаңғыбастардың мекеніне айналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл мекеме Абай көшесі, 23 мекенжайында орналасқан. Іші-сырты түгел ішімдіктің шөлмектері мен күл-қоқысқа толған ғимараттың есік-терезесі сынған.

Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, ғимаратты күн сайын жергілікті полиция қызметкерлері бақылайды. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері психатриялық диспансердің атқаратын қызметі бәсекелі ортаға түскендіктен ғимарат жойылғанын жеткізді.

"Кәсіпорын Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен функциялары бәсекелі ортаға тапсырылуына байланысты жойылды. Қазір жойылу кезінде пайда болған қарыздарды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін мемлекеттік ұйым нысанын құзырет бойынша тапсыру мәселесі шешілмек", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Дегенмен әзірге ғимараттың қашан қалпына келтіріліп, мемлекеттік мекемелердің біріне тапсырылатыны белгісіз.

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz