Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілі киіз үй құрды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілі киіз үй құрды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты киіз үй құру акциясы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан халық ассамблеясына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел мен Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Акция бір шаңырақ астында біріккен ұлттың ауызбіршілігін, бірлескен еңбекті, Отан игілігі үшін әр адамның қосқан үлесін білдіреді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан