Қазақстанда орыстар Алматыда, қазақтар мен өзбектер Түркістан облысында көп тұрады

Қазақстанда орыстар Алматыда, қазақтар мен өзбектер Түркістан облысында көп тұрады
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, қазір Қазақстан халқының саны - 19 808 430 адам.

"Оның ішінде 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар", - делінген хабарламада.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың жалпы санынан көпшілігі - 428 мыңы Алматыда тұрады, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

"Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан