Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: gov.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

"6 мамырда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 10 мамырдағы мерекелерден кейін барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова