Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?
Фото: freepik.com

Қазақстанда мамырда үш бірдей мереке бар. Сондықтан бұл айда қазақстандықтар бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырда үш мереке атап өтіледі: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр - Жеңіс күні. 

1 мамыр дүйсенбіге тұспа-тұс келеді. Сондықтан үш күн, яғни 29, 30 сәуір және 1 мамыр демалыс болады.

Ал 7 мамыр жексенбіге сай келеді. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады. Сәйкесінше, қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығына демалады.

Қазақстандықтар мамырда мына күндері демалады:

- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр - демалыс.
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр - демалыс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова