Мәсімов ісі: мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді

Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы орынбасарларының ісі бойынша сот 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар мемлекетке өндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 сәуірде Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен департаменттің экс-орынбасарлары: Садықұлов А., Ерғожин Д., Осипов М.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді жариялады.

"Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бүгін сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Ол 18 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. 

Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!