Қыздардың көзінше жасаған. Қоғамдық көлікте жыныс мүшесін ұстаған ер адам ұсталды

Қыздардың көзінше жасаған. Қоғамдық көлікте жыныс мүшесін ұстаған ер адам ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Шымкентте қоғамдық көлік ішінде жыныс мүшесін ұстап, анайы әрекет жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 1989 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Шымкент қаласы ПД мәліметінше, екі жағдайда да көзге түскен бір адам болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шымкенттегі автобуста ер адам жыныс мүшесін ұстап отырған видео әлеуметтік желіде жарияланған еді. Жағдай бір емес екі рет қайталанған. Күдікті анайы әрекетті қыздардың көзінше жасаған. Кейін бұл жағдайды олардың анасы мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып отырғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова