Алматыда ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып отырған

Алматыда ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып отырған

Алматыда ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып отырған. Бұл туралы қоғам белсендісі, "НеМолчиKZ" қорының президенті Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Алматыда 63-автобуста болған. 22 жастағы қыз кешкі уақытта автобусқа мінген.

"Іші жартылай бос 63-автобуста орындықтар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұратын артқы орындыққа отырдым. Әріректе отырған жігітті байқадым. Кенет ол маған бұрылып, біртүрлі қарады. Кейінірек бұрылып кетті. Бірақ маған қарама-қарсы отырып алды. Оның шалбары ашық екенін байқадым. Ол ашық түрде өзінің жыныс мүшесін ұстай бастады. Оны видеоға түсіріп алдым, бет әлпеті де көрініп тұр. Қорқып кеттім, басқа жерге отырдым, кейін ол тағы маған қарама-қарсы отырды. Соңғы аялдама болды, автобустан жүгіріп шықтым. Оны тауып, ұстағанын қалаймын. Алда мұндай жағдай болмасын, адамдар да сақ болсын. Әсіресе, кәмелетке толмағандар", - деп жазған оқиға туралы қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Tansari (@dinatansari)

Әзірге Полиция департаменті болған оқиға туралы ресми пікір білдірмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова