"Оң жақ қабырға асты ауырған". Алматыда науқастың өт қабынан 1735 тас алынды

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың хирургтары 62 жастағы науқастың өт қабынан 1730-дан астам тасты алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Науқас Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кетуі шағымдарымен түсті. Науқастың айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген. №7 ҚКА жағдайында жан-жақты тексерулерден өткізгеннен кейін өт тас ауруы диагнозы қойылды. Жіті калькулозды холецистит. Келесі күні, алдын-ала жүргізілген дайындықтан кейін, жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология бойынша, "Лапароскопиялық холецистэктомия" отасы жасалды.

"Өт қабын алып тастағаннан кейін диаметрі бірнеше мм-ден 1,5 см-ге дейінгі 1735 конкремент алынды"- деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.

Операциялық топтың жетекші хирургы осыншама тастың табылуы оның тәжірибесіндегі жаңа рекорд екенін айтты.

"Бұл операция менің рекордымды жаңартты - бұл жолы 1730-дан астам тас табылды - бұл тек өт қабында. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз",- деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында, операциялық топтың жетекші хирургы профессор Мұса Меңдібайұлы Сахипов.

Операция сәтті жасалды, операциядан кейінгі 4-ші күні науқас жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты, амбулаториялық бақылауға алынды.

Өт-тас ауруы дегеніміз не?

Өт-тас ауруы - өт қабында, жалпы өт жолында және бауыр өт жолдарында тастардың пайда болуымен сипатталатын гепатобилиарлы жүйенің ауруы, ауыр және жиі ауыр асқынулардың әртүрлі вариациялары бар.

Өт-тас ауруының белгілері

Өт-тас аурулары көп қырлы және жасырын ауру, ұзақ уақыт бойы белгі бермеуі мүмкін, нақты ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Айқын симптомдар қуықтың немесе өт жолдарының конкременттермен бітелуі кезінде анықталады. Өттің түйілуі - өт-тас ауруына тән белгілердің бірі.

Ілеспе белгілер: жүрек айнуы мен құсу, жүрек соғу жиілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы, қан қысымының ауытқуы, дене температурасының шамалы көтерілуі, үлкен дәретке жалған шақыру немесе ішектің кебуі.

Сондықтан жоспарлы тексерулерден өтіп, дәрігерге уақтылы қаралу маңызды!