Ауыз құрғай берсе не істеу керек?

Ауыз құрғай берсе не істеу керек?

Сілекей - ағзадағы маңызды рөлі бар сұйықтық: онсыз сөйлеу, тамақ ішу, дәмдерді сезу мүмкін емес. Сондай-ақ сілекей бактерияларды өлтіреді және тісжегіден қорғайды. Кей адамдар ауыз құрғақтығымен қиналады. Онымен қалай күрсеуге болады?

Ауыз не үшін құрғап кетеді?

Әдетте, адам тәулігіне 1,5 л сілекей бөледі. Ол 99% судан, ал қалған 1% - электролиттер, ақуыздар, ферменттер, иммунды глобулиндерден тұратын коктейль.

Ауыз құрғақтығының ресми атауы - ксеростомия. Ауыз құрғақтығы жеке ауру ретінде сирек кездеседі. Ол үнемі қосымша себептермен қатар жүреді. Солардың негізгілеріне мыналар жатады:

- кей дәрілер;
- жасқа байланысты өзгерістер;
- қатерлі ісік кезіндегі химиотерапия және сәулелік терапия;
- қант диабеті;
- аллергиялық аурулар, мұрын бітелуі.

Алайда алдымен ең қарапайым себептерді жоққа шығару керек: тұзды тамақты көп жеу, үнемі құрғақ ауамен демалу, суды аз ішу, күйзеліске шалдығу.

Сілекей аз болса...

Егер сілекей аз болса, аузыңызда құрғақтық пайда болады, аузыңыз күйдіріп ауыруы мүмкін. Сондай-ақ шөлдей бересіз және ауыздан жағымсыз иіс шығады. Сонымен қатар, тістер жағдайы нашарлайды. Мысалы, аузыңыз уылып кетеді, кандидоз пайда болады және ерін жарылады. Тісжегі көбеюінің қаупі де артады, себебі мұндай ортада бактериялар жылдам тарайды. Тісжегі де жағымсыз иіс беруі мүмкін.

Ауыз құрғақтығымен қалай күресу керек?

Ең алдымен себебін анықтау керек. Оны анықтауға дәрігер көмектеседі.

Сондай-ақ сілекей бөлінуін анталандыратын әдістерді байқап көруге болады. Мысалы, сағыз шайнаңыз. Алайда сағыздың қантсыз түрін таңдаған дұрыс. Ауыз құрғақтығына арналған спрейлер, мұз кәмпиттер, ауыз шаятын құралдар бар. Сонымен қатар, тамақтану мен өмір салтына өзгерістер енгізген жөн:

- суық суды аз-аздан, бірақ жиі ішу;
- түнде ауа ылғалдандырғыш қосу;
- ерінді ылғалдандыру;
- тісті дұрыс тазалау;
- кофе мен шайды азайту;
- тәтті және ащы тамақты көп жемеу;
- темекі тартпау және алкоголь ішпеу.

А. Жапатова