Екібастұз тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды

Екібастұз тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды
Фото: t.me/KZgovernment

Екібастұз тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Екібастұзда тұрғындар пәтерлеріндегі батареяда жылу жоғын айтып шағымданып отыр. Оқушылар бүгіннен бастап сабақты қашықтан оқуға көшті. Осымен үшінші күн Жылу электр орталығы жылу параметрлерін түсіріп жіберді.

Ресми дерекке сәйкес, жылу стансасындағы 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Қазір Екібастұзда ауа температурасы -6 градус. Ал кей тұрғындар пәтерлеріндегі жылу +6 градустан аспайды деп отыр.

"15-і жылу сөндірілді. Түнгі 1:00-ге қарағанда. Ертеңгі күні жылымшы берді. Өлшеп көріп едім, келер жылу 36 ғана. Шығар жылу 28 болып тұр. Бұл деген сөз үйдің ішінде жылу жоқтың қасы", - дейді қала тұрғыны Жұмағали Қоғабаев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек