Астаналық 14 жастағы оқушы қарақшыны ұстауға көмектесті

Астаналық 14 жастағы оқушы қарақшыны ұстауға көмектесті
Фото: polisia.kz

Астаналық 14 жастағы оқушы қарақшыны ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, 102 арнасына Кемеңгерұлы көшесінде белгісіз біреудің әйелдің мүлкін ұрлау мақсатында оған пышақпен шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен. Тергеу барысында белгісіз ер адамның кешкі уақытта жұмыстан қайтып келе жатқан 38 жастағы әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол күш қолданып, оның бағалы заттарын ұрламақ болып, кейін қашып кеткен.

Елордалық 14 жастағы оқушы оқиға куәгері болды. Әйелдің көмекке шақырып жатқанын естіген ол, оның жанына жүгіріп барып, сол кезде досының полицияға хабарлауы үшін оған телефон шалған. Содан кейін жасөспірім үлкен адамдардың әйелге көмектесуі үшін көліктерді тоқтата бастады. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келді. Бала шабуыл жасаушының белгілерін сипаттап, полицияға ер адамның қай бағытта кеткенін көрсетті. Полицейлер 30 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина