Гарри Поттер жайлы сериалдың алғашқы тизері шықты

Гарри Поттер жайлы сериалдың алғашқы тизері шықты
Фото: championat.com

HBO Max сервисі британдық жасушы Джоан Роулингтің кішкентай сиқыршы Гарри Поттер жайлы кітаптарына негізделген сериалдың шығатынын хабарлады. The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, сериал жеті маусымға созылады.

Жобаның орындаушы продюсерлері Нил Блэр, Рут Кенли-Леттс және Гарри Потер жайлы кітаптардың авторы Джоан Роулинг болады.

Сериалдың актерлік құрамы түгелдей жаңа болмақ. Қазір HBO Max телесериалға сценарист пен бас продюсер іздеп жатыр. Шоу шамамен 10 жылға созылады. Әзірге қосымша мәліметтер жоқ.

Гарри Поттер жанкүйерлері сериал туралы жаңалықты жақсы қабылдай қоймады. Себебі Гарри Поттер жайлы картинаның алғашқы бөлімдері классикаға айналды. Оларды адамдар әлі көп жылдар бойы көреді. Дегенмен, фильмнің соңғы бөлімдерінде түпнұсқадан көптеген ауытқулар болды, сериалда осы сәттер ескеріледі.

Бәріне таныс кейіпкерлердің орнына басқа актерлерді елестету қиын, десе де жаңа сериал да табысты болуы мүмкін. Себебі Гарри Поттердің қызықты оқиғасы балалардың да, ересектердің де көңілінен шығуы мүмкін.

Гарри Поттер туралы фильмдер қайда түсірілген?

А. Жапатова