Гарри Поттер туралы фильмдер қайда түсірілген? #2

Гарри Поттер туралы фильмдер қайда түсірілген? #2
Фото: www.popsugar.com

Гарри Поттер туралы фильмдер ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің романдары желісі бойынша түсірілген. Фильм экранға жол тартуына голливудтық Warner Bros. компаниясы қолдау білдіреді. Поттер туралы барлық фильм әлемдік прокатта 7,7 миллиард АҚШ долларын жинап, кино өндірісі тарихында ең табысты фильмдер қатарынан табылған.

Басты рөлдерді сомдаған Дэниел Рэдклифф (Гарри Поттер), Эмма Уотсон (Гермиона Грейнджер) және Руперт Гринт (Рон Уизли) сынды жас актерлер фильм сюжетімен бірге өседі. Алғашқы фильм 2001 жылы түсірілсе, соңғысы 2011 жылы әлемдік прокатқа шығарылған.

Роулингтің сиқыршы бала туралы шығармасы әлемнің 74 тіліне аударылып, олардың әрқайсысы 500 миллион данамен жарық көрген. Ал фильмі тағы да миллондаған табыс алып келді. Ендеше көптің назарына іліккен сиқыршылар әлемін шынайы көрсетуге тырысқан режиссер түсірілімді көбіне Ұлыбритания территориясында түсірген. Назарларыңызға бірнеше түсірілім ұсынамыз.

Басы

Гленфиннан көпірі, Шотландия

«Гарри Поттер және құпияға толы бөлме» фильмінің басында Гарри мен Рон Хогвартсқа баратын пойызға кешігіп қалады. Сосын олар Артур Уизлидің «Англия» аталатын фордымен ұшып барады. Сол кезде жол бойында Гленфиннан көпірі маңынан өтеді. Қазіргі таңда Гарри Поттер әлеміне қызығушылық татынатын адамдар "Хогвартс-экспресске" мініп, Гленфиннан көпірінен өте алады. Шотландиядағы West Coast Railways компаниясы осындай мүмкіндікті бизнеске айналдырған.

Кингс Кросс вокзалы, Лондон, Англия

Хогвартс «Экспресі» Кингс Кросс вокзалындағы 9 ¾ платформасынан жүреді. Ал оған 4 пен 5 платформалары арасындағы қабырға арқылы өтетінін фильмді көрген азаматтар білетін болар. Тура сол эпизодтар алынған жерде "Platform 9 ¾" тақтайшасы ілінген. Сонымен қатар, қабырғаға жартылай кірген арбаны көре аласыз.

Глостер ғибадатханасы, Англия

Егер сіз қараңғылықтан қорқатын болсаңыз, Глостер ғибадатханасына (Cathedral of Gloucester) кірмегеніңіз абзал. Мұнда әрине «Жартылай бассыз Ник» пен «Плакса Миртлді» кездестірмейсіз. Дегенмен ертеректе салынған ғибадатхананың бұрынғы қызметкерлерінің елесі қазірге дейін жүретіні туралы аңыз бар. Ғибадатхананың төменгі қабатында Гарри мен Ронның трольдан жасырынған эпизоды түсірілген.

Freshwater West, Пемброкшир, Уэльс

Пемброкшир — Уэльстегі ең тамаша жағажайы бар округ. Мұнда Билл Уизли мен Флер Делакурдің үйі салынған. Сонымен бірге, мұнда 2010 жылы Ридли Скотт режиссерлігімен «Робин Гуд» картинасы түсірілген.

Бодлей атындағы кітапхана, Окфорд, Англия

Оксфорд университетінің танымал Бодлей кітапханасы (Bodleian Library) Гарри Поттер туралы фильмде үш рет көрініс табады. Хамфри герцогінің орта ғасырдағы кітапханасы Хогвартс оқу залына айналады. Гарридің есін жоғалтқан кезде оянатын лазарет пен мандрагорумды оқытатын «сиқырлы өсімдіктер» дәрісінен көріністер осы жерде экрандалған. Айта кетсек, бұл кітапханада Оскар Уальд және Дж.Р.Р.Толкин сынды танымал жазушылар білімін жетілдірген.

Ж. Өрісбай