"Зәкең барда сөйлескен адамым емес". Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісовамен арақатынасы туралы айтты

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова Мақпал Жүнісовамен арақатынасы туралы айтты. Ол бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Мақпал Жүнісовамен ешқашан хабарласып көрмеген.

"Зәкең барда да сөйлескен адамым емес, шәй ішкен адамым емес. Зәкең өмірден кеткеннен кейін де солай. Біз сөйлеспейміз, араласпаймыз. Өзі хабарласпады. Хабарласпай-ақ қойсын. Оның хабары маған керегі жоқ. Ол маған бөтен адам сияқты. Әңгімелесіп, шаруа шешкен адам емеспіз", - деді ол.

Нұрбике Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерін еске алды.

"Бір көкелерге айтыпты. "Қателік жасадым. Бекер кеттім" депті. Профессор көке еді, ол да марқұм болып кетті. Сол ата айтты, "үйден кеткеніне өкінеді екен" деп. ...Бұл кісі қалай атылғанын (көрсететін - еск.) видик (видео - еск.) жоқ қой. Тағы бір видигінде марқұм менің атымды айтып, жылап отыр екен дейді. "Қайыркен, Қайыркен, кешір мені. Қайтатын жолым жоқ" деп. Соны біреу көріпті. Сонда маған "Нұрбике, өзіңді кінәлама. Сенде кінә жоқ" деді", - деп еске алды Нұрбике Нұрқаділова.

Айта кетейік, бұған дейін ол Заманбек Нұрқаділов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын да мәлімдеген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!