Әзербайжан президентінің Астанаға ресми сапарында қандай құжаттарға қол қойылды?

Әзербайжан президентінің Астанаға ресми сапарында қандай құжаттарға қол қойылды?
Фото: Akorda.kz

Президент Ильхам Әлиевтің Астанаға сапары барысында Қазақстан мен Әзербайжан тарапы қол қойған құжаттар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Әзербайжан президентінің Астанаға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасының "Отандастар қоры" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. "Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығы арасындағы Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді.

Бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан