Желіде Тұрлыхановтың ұлының әйелді ұрып талдырған видеосы тарады

Белгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда заңгерлер отбасын соққыға жыққан видеосы желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккендер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов.

Оқиға 11 ақпанда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында болған. Ер адам қасындағы қызын ұрған, оған араша түспек болған ерлі-зайыптыны да соққыға жыққан. 

Видеодан Нұрасылдың ер адамды соққы астына алғаны мен әйел адамды ұрып талдырғанын көруге болады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!