"Кінәсі дәлелденсе, жазаланады". Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

"Кінәсі дәлелденсе, жазаланады". Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады
Фото: Instagram/daulet_bolatuly_turlykhanov

Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов Желіде дау тудырған ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазған.

"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turlyhanov Dáýlet Bolatuly (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шыққанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек