"Өз атымды көру бұйырыпты". Ләйлә Сұлтанқызы депутат болды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Amanat партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сұлтанқызы Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып жатқан барлық жанға көп-көп рақмет. Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін қашан да маңызды!", - дейді тележүргізуші. 

Еске салайық, 24 наурызда Астана мәслихаты депутаттарының тізімі шыққан болатын. Астанада барлығы 788 931 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 332 694-і дауыс берген. 

Астана мәслихаты сайлауының қорытындысы бойынша партиялар төмендегідей мандатқа ие болды:

Amanat партиясы - 68,78 пайыз 12 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 0,65 пайыз;
Respublica партиясы - 1,63 пайыз;
Қазақстанның халық партиясы - 5,50 пайыз - 1 мандат;
"Байтақ" жасылдар партиясы - 5,49 пайыз - 1 мандат;
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 19,96 пайыз - 3 мандат.
Бәріне қарсы 3 269 сайлаушы дауыс берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!