Астана мәслихатының депутаттары кімдер?

Астана мәслихатының депутаттары кімдер?
Фото: Tengrinews.kz

Астананың сайлау комиссиясының отырысында мәслихатты сайлау қорытындысы жарияланды. Сайлау нәтижелерін Астана сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Астанада барлығы 788 931 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 332 694-і дауыс берген.

Астана мәслихаты сайлауының қорытындысы бойынша партиялар төмендегідей мандатқа ие болды:

  • Amanat партиясы - 68,78 пайыз 12 мандат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 0,65 пайыз;
  • Respublica партиясы - 1,63 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы - 5,50 пайыз - 1 мандат;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы - 5,49 пайыз - 1 мандат;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 19,96 пайыз - 3 мандат.

Бәріне қарсы 3 269 сайлаушы дауыс берген.

Бақыт Бектемісованың мәліметінше, бір мандатты аумақтық округтер бойынша депутаттық мандаттар келесідей бөлінген:

№ 1 сайлау округі – Сергеев Владислав;
№2 сайлау округі – Байсеркина Динара;
№ 3 сайлау округі – Өмірзақов Азамат;
№ 4 сайлау округі – Әжекенова Мәдина;
№ 5 сайлау округі – Айтхожин Азамат;
№ 6 сайлау округі – Көпешев Нұрлан;
№ 7 сайлау округі – Жаңалаева Салтанат;
№8 сайлау округі – Естеп Қанат;
№9 сайлау округі – Төлеген Бахаргүл;
№ 10 сайлау округі – Мүслім Нұрлан;
№ 11 сайлау округі – Орынбасаров Азамат;
№ 12 сайлау округі – Саймидин Сәуле;
№ 13 сайлау округі – Тәжімұратов Ғабит;
№ 14 сайлау округі – Лория Дэвид;
№ 15 сайлау округі – Смайылов Бауыржан;
№ 16 сайлау округі – Ерғалиев Талғат;
№17 сайлау округі – Рахмет Жандос.

Еске салайық, бұған дейін Алматы сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова бір мандатты аумақтық округтер бойынша кімдер депутат болып сайланғанын хабарлаған еді.

20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан