Ораза 2023. Құсу оразаны бұза ма?

Ораза 2023. Құсу оразаны бұза ма?
Фото: ru.freepik.com

"Жауабы бар" хабарында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі оразаға қатысты ең өзекті сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман еріксіз құсқан кісінің оразасы бұзылмайтынын айтты.

"Егер де әдейілеп, мысалы, қолын тығып, өзін мәжбүрлеп құсатын болса, оның оразасы бұзылады. Ал егер еріксіз лоқсып, ол өздігінен келіп жатқан болса, ол оразаны бұзбайды. Себебі Пайғамбарымыздың хадисінде еріксіз құсқан кісіге сол күннің қазасын өтеу міндетті емес делінген. Ал жаңағыдай әдейілеп құсатын болса, оған сол күннің қазасын өтеу керек деген", - деп түсіндірді маман.

Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

А. Жапатова