Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

BoxingScene мәліметінше, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион рингке 13 мамырда оралады.

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болмақ.

Жекпе-жек 12 раундтан тұрады. Дегенмен, өтетін орны әлі анықталған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек