"Іздеу жұмыстары тым әлсіз". Түркістан облысында жоғалған 4 жасар қыздың әкесі пікір білдірді

Түркістан облысында бес жасар қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қыздың әкесі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арыс өзені маңында ойнап жүріп, жоғалып кеткен Нурикамал Серіктің әкесі бүлдіршінді іздеу жұмыстары тым әлсіз жүріп жатыр дейді.

3 күннен бері баласын таба алмай жүрген Түркістан облысы тұрғынының айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлерінің техникасы тым аз. Ал Арыстағы ағыс жаңбырға байланысты күннен күнге күшейіп барады. Қыздың әкесі Нұрхат Серік бүлдіршінді ауыл азаматтары мен төтеншеліктерден құралған 30 адам ғана іздестіріп жатыр дейді.

"Қарабұлақ мостына тор қойдық деп айтты. Бірақ кеше барып көрдім. Тор да, ешнәрсе де қойылмаған. Оны сұрап білгенімде, бізде ондай үлкен тор жоқ деп жауап берді. Сонда қалай бұл ТЖМ-нің жігіттерінде техника түгел емес!" - дейді Нұрхат Серік.

Нурикамалдың туыстарының айтуынша, ол Арыс өзенінің маңында екі кішкентай қызбен ойнап жүрген. Көпірден өтпек болған кезде абайсызда суға құлаған екен. Мұны көрген қасындағы балалар бірден ересектерге барып Нурикамалдың суға түсіп кеткенін айтқан.

Еске салайық, бұған дейін қызды тапқан жағдайда қайда хабарласуға болатынын жариялаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!