"Үмітімді үздім". Балалар үйінде ажырап қалған апалы-сіңлілі араға 15 жыл салып кездесті

"Үмітімді үздім". Балалар үйінде ажырап қалған апалы-сіңлілі араға 15 жыл салып кездесті
Фото: Аstanatv.kz

Өскемендегі түзеу мекемелерінің бірінде әсерлі кездесу болды. 15 жылдан кейін балалар үйінде бір-бірінен ажырап қалған апалы-сіңлілі кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Апалы-сіңлілі әртүрлі мекемеде тәрбиеленген. Кейін кенжесі - Анна Алматыға оқуға кетіп, сонда қалған. Қыз туыстарын табуға бірнеше рет әрекет жасағанымен, нәтиже болмағанын айтады. Үлкен әпкесі Екатерина Өскеменде жаза мерзімін өтеп жатқанын білген ол бірден кездесуге рұқсат алған. Апалы-сіңлілі бір-бірін соңғы рет Анна 7 жаста болған кезде көрген.

"Мен іздеп көрдім, бірақ "сені іздемейді, сен оларды неге іздейсің" деп айтты. Осы уақытқа дейін үмітімді үзіп жүрдім. Олардың өз отбасы бар, менсіз де жақсы. Бірақ бір күні міне, осылай болды", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Анна Писегова.

30 жастағы Катя да іздестіріп көргенін, бірақ нәтиже болмағанын айтты. Содан кейін ол алты жыл түрмеде отырған. Ол озбыр күйеуінен қорғанамын деп, оны пышақпен жаралаған. Колония қызметкерлері әйелге туыстарын іздеуге көмектесіпті.

"Мен мұндайды мүлде күткен жоқпын. Ең керемет күн, енді есте қалатын шығар. Бұрын не болғанын, ата-ана туралы да көп нәрсе айтуымыз керек. Ата-ананы да кінәлауға болмайды", - дейді сотталған Екатерина Писегова.

Катя мен Ленаның тағы бір кіші сіңлісі бар. Ол 18 жаста, Риддерде тұрады. Бірақ ол денсаулығына байланысты бұл кездесуге келе алмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек