Астанада және тағы алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астанада және тағы алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның жеті өңірінде қолайсыз ауа райын байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 23-28 м/с. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Екпіні 23 м/с-қа жететін жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында түстен кейін көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан