Ұлттық қордан бөлінетін ақшаны не үшін қолдануға болады?

Былтыр жұртты елең еткізген, талқыға кеңінен түскен тақырыптардың бірі - Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор - балаларға" жобасы. Яғни, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылуы тиіс. Десе де, келесі жылдан бастап іске қосылатын бағдарламаға қатысты сауал көп. Massaget.kz тілшісі қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ұсынған деректерге сүйеніп, маңызды сұрақтардың жауабын іздеп көрді.

Ұлттық қордан балаларға аударылған қаражатты қандай мақсатқа жұмсай алады?

Бала 18 жасқа толған кезде, бұл қаражат оның меншігі болып саналады. Ол қаражатты қалай пайдалану керек екенін өз бетінше шешуі керек, яғни білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Нысаналы мақсатын растау уәкілетті операторларға білім беру қызметтерін алуға арналған шартты немесе баспана сатып алу туралы шартты ұсыну негізінде беріледі. Бұл ретте, шетелдік ЖОО-да оқу ақысын төлеуге де қаражатты пайдалану шектелмейді. Алайда, тұрғын үй сатып алу үшін бұл қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат беріледі. Ал осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеулер болмайды.

Ұлттық қордан бір балаға жылына қанша теңге бөлінеді?

Ұлттық қордан әр балаға бөлінген қаржыға салық салына ма?

Бала өмірге келген кезде шоттар Әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқорының ақпараты негізінде автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда бала 18 жасқа толғанға дейін шоттарға қаражатты шартты түрде есептеу жүргізілетін болады. Қаражатты мақсатты пайдалану үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторлар анықталады. Бұл ретте "Отбасы банк" АҚ, "Қаржы орталығы" АҚ, екінші деңгейдегі банктер қамтылады.

Ұлттық қордан бөлінетін ақша: бала қайтыс болса шотындағы қаражат не болады?

Айта кетейік, шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғандар ғана пайдалана алады.
Жобаға Қазақстан Республикасының азаматы саналатын барлық балалар қатысады. Сондай-ақ, бұл шот қаражаты салық салудан босатылады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!