Ұлттық қордан бөлінетін ақша: бала қайтыс болса шотындағы қаражат не болады?

Ұлттық қордан бөлінетін ақша: бала қайтыс болса шотындағы қаражат не болады?
Фото: elements.envato.com

Былтыр жұртты елең еткізген, талқыға кеңінен түскен тақырыптардың бірі - Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор - балаларға" жобасы. Яғни, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылуы тиіс. Десе де, келесі жылдан бастап іске қосылатын бағдарламаға қатысты сауал көп. Massaget.kz тілшісі қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ұсынған деректерге сүйеніп, маңызды сұрақтардың жауабын іздеп көрді.

Шетелге кетіп қалған немесе қайтыс болған балалардың шотындағы қаражат не болады?

Егер 18 жасқа толмаған бала елден кетіп, Қазақстан азаматтығынан бас тартса, онда бұл төлемдерді талап ете алмайды. Бұл қаражат басқа балалардың арасында қайта бөлінеді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейін баланың азаматтығы өзгермей, елден кетсе, төлемдерді талап ету құқығы бұзылмайды. 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5 немесе 10 жыл бойы сақталады.

Аталған мерзімде қаражатқа сұрау салынбаса, шоттағы қаражат осы балалардың зейнетақы шотына аударылады. Ал бала мезгілсіз көз жұмған жағдайда, азаматтық заңнамаға сәйкес, жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі қарастырылады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина