Президент Асқар Забикулин оқыған академияға барды

Президент Асқар Забикулин оқыған академияға барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Академия курсанттары алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барып, курсанттар алдында сөз сөйледі. 

"Құтқарушы болу - қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл - нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. "Ер есімі - ел есінде". Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс", - деді ол. 

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өртсөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өртсөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек