"Өләни". Тойда байқауға қатысқан қыз жұртты күлдірді

"Өләни". Тойда байқауға қатысқан қыз жұртты күлдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде тойда ән айту байқауына қатысып, жұртты күлдірген қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео шоумен, асаба Таңатар Ахматовтың TikTok-парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде видео 181 мыңнан аса қаралым, 8 мың лайк жинаған. 

Видеода қызға "Ө" әрпінен басталатын ән айтуы керек еді. Қыз әнді "Өләни" деп бастайды. Негізі бұл - Shouse дуэтінің All I need әні. 

@tanatar_akmatov_showman #той #тамадажарды? #танатаракматов #рекомендации #прикол ♬ оригинальный звук - Tanatar_Akmatov_Showman

Желі қолданушылары қыздың тапқырлығына тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Жарайсың!" "Тапқыр қыз екен", "Қыз жарады, үндемей қалмады", "Дәл осы әнді айтатынын қайдан білген?"  "Жанындағы анасы қой деп тұр", "Жарады! Позитив қыз екен, көңілді көтерді", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек