Дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алды: науқас дәрігерлермен суретке түсті

Дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алды: науқас дәрігерлермен суретке түсті

Семейде басынан алып эхинокок шыққан 20 жастағы қыз ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің сөзінше, науқастың жағдайы жақсы және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Науқас кеше ауруханадан шықты. Ешқандай шағымы жоқ, енді тұрғылықты мекенжайы бойынша невропатологтың бақылауында болады. Тігістер алынды, жара біртіндеп жазылып келе жатыр", - дейді Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігерлері. 

@massaget.kz #рек #эхинокок #семей #құрт ♬ original sound - Massaget.kz

Алып эхинококты алып тастау операциясын Семей Жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері Алтай Күлтұманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жүргізді. Науқас дәрігерлермен естелікке суретке түсті.

Еске салайық, 18 қаңтарда Семейде дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алып шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина