Павлодарлық полицейлер итті қинап өлтіргендерді жауапқа тартты

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысында итті аяусыз өлтірген ер адамды жазалағанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаңтардың 20-сы Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел адам өзінің итін белгісіз біреулер өлтіріп кеткенін айтып шағымданған.

Ішкі істер министрлігі бұл деректің полицияда тіркелгенін растады. Учаскелік полиция инспекторымен материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы негізінде қаңғыбас иттерді ату бойынша жұмыстар жүргізгені анықталды. 

"Аталған факт бойынша полицейлер оқ атқан 24 жастағы ветеринарлық қызметкерге қатысты ӘҚБтК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 20 АЕК – 69 мың теңге айыппұл салды", - деді Павлодар облысы, Ақсу қалалық ІІБ бастығы Дәулет Молдабаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!