"Әлем аруына" АҚШ атынан қатысқан қыз "біртүрлі" киімімен күлкіге қалды

"Әлем аруына" АҚШ атынан қатысқан қыз "біртүрлі" киімімен күлкіге қалды
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желілер қолданушылары "Әлем аруы" байқауына АҚШ атынан қатысқан модель Р’Бонни Нола Габриэльді күлкі қылды. Ол ұлттық киімдер конкурсында "біртүрлі" костюм киіп шықты.

Сәнгерлер ғаламшар кейпін жасағысы келген: олар модельге боди, ботфорт аяқ киімін және жұлдыздар мен алып планетадан тұратын массивті конструкция кигізген. Габриэльдің басында үлкен тәж болды.

@alexejklimenko #missuniverse #miss #missamerica #joebiden #миссамерика #кринж #конкурс #красавица #вырезанаясцена #сенсация ♬ оригинальный звук - Diana

Костюм өте үлкен әрі ауыр болғандықтан, америкалық қыз сахнада әрең жүрді. Бастысы, ол құлаған жоқ.

Алайда желі қолданушылары костюмді ойлап тапқан сәнгерлердің еңбегін бағалай қоймады.

Тіпті, желі қолданушылары арасында Габриэльге конкурстан соң оған осындай ауыр костюм кигізгендерді сотқа беруге кеңес бергендер болды.

Мұндай костюммен шығып, құламай, дефиле соңына дейін жымиып жүрген модельдің еңбегі ақталды десе болады. Ол "Әлем аруы - 2023" атағын жеңіп алды.

Бұған дейін "Әлем аруы" байқауын ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Қазақстанды шатастырғанын жазған болатынбыз.

А. Жапатова