АҚШ-тағы "Әлем аруында" Қырғызстан мен Қазақстанды шатастырды

АҚШ-тағы "Әлем аруында" Қырғызстан мен Қазақстанды шатастырды
Фото: instagram.com

Жаңа Орлеандағы "Әлем аруы" халықаралық сұлулық конкурсында  ұйымдастырушылар Қырғызстан елін Қазақстан деп атап, бірнеше рет шатастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әлем аруы" халықаралық сұлулық конкурсында Қырғызстан атынан 18 жастағы Алтынай Ботоярова шықты.

Конкурс ұйымдастырушылары Алтынайдан және Қырғызстаннан ел атауын дұрыс айтпағандары үшін кешірім сұрады.

"Біздің команда жақында Жаңа Орлеанда болған шарада ел атауы дұрыс айтылмағаны үшін Қырғызстаннан кешірім сұрайды. Біздің команда жақсаруға уәде береді", - деп жазылған "Әлем аруы" конкурсының ресми парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Universe (@missuniverse)

А. Жапатова