Интернет енді бәріне бірдей қолжетімді болмайтыны рас па?

Интернет енді бәріне бірдей қолжетімді болмайтыны рас па?
Фото: kh-news.net

Әлеуметтік желілерде жақын арада Интернет бәріне бірдей қолжетімді болмайды деген ескерту тарады. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб мәлімдеген екен. Ол жақын арада тағы бір пандемия және жаппай кибершабуыл болады деп абайсызда айтып қалған, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Шын мәнінде, бұл мәлімдеме Швабтың 2020 жылғы Cyber Polygon конференциясында сөйлеген сөзінен алынған. Жыл сайынғы іс-шара шеңберінде ықтимал қауіптер талқыланып, оларға тойтарыс беру әдістері әзірленеді. 

2020 жылы іс-шара теориялық тұрғыдан дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да тауар жеткізу тізбегіне айтарлықтай зиян келтіріп, қалалардың энергетикалық жүйелерін бұзуы ықтимал кибершабуылға арналды. 

Клаус Шваб бұл туралы тек теориялық тұрғыдан айтқан. Оның сөздері сәуегейлік те, уәде де емес еді. 

Интернетті пайдалану үшін биометриялық идентификатор болуы тиіс дегенге келетін болсақ, бұл туралы Клаус Швабтың өзі де, іс-шараға қатысқан басқа адамдар да мәлімдеген жоқ. Демек, таралған ақпарат ойдан шығарылған және оған ешқандай дәлел жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек