Тоқаев қонақжайлық үшін БАӘ президентіне алғыс айтты

Тоқаев қонақжайлық үшін БАӘ президентіне алғыс айтты
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне қонақжайлық үшін алғыс айтты. Ол бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қонақжайлық көрсетіп, мазмұнды келіссөз жүргізгені үшін БАӘ президенті Шейх @MohamedBinZayed алғыс айтамын. Келіссөз қорытындысы бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды", - деп жазды Тоқаев.

Мұның алдында Тоқаевтың БАӘ президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан