Қаскелеңдік "ВИП-казашка" тағы да жол ережесін бұзғаны үшін ұсталды

Қаскелеңдік "ВИП-казашка" тағы да жол ережесін бұзғаны үшін ұсталды

"ВИП-казашка" деп танылып кеткен Қаскелең қаласының тұрғыны тағы жол ережесін бұзып, оны видеоға түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде былтыр қарашада жол ережесін бұзып, артынша кешірім сұраған қыздың видеосы тарады. Ол тікелей эфирге шығып, көлікті сақтандырусыз жүргізгенін айтып, келесі күні айыппұл төлегенін айтты. 

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қаласының тұрғыны ұсталды, ал оның автокөлігі айып тұрағына жеткізілген. Өзге ақпарат әзірге белгісіз.  

Еске салайық, Алматы облысының 21 жастағы тұрғыны жалған VIP-құжатпен жүріп, бірнеше рет жол ережесін бұзғаны үшін кешірім сұраған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина