Үйдегі шаң қатерлі ісік тудыруы мүмкін - дәрігер

Үйдегі шаң қатерлі ісік тудыруы мүмкін - дәрігер

Жоғары санатты дәрігер үйде жиналатын шаң көптеген ауруларды, соның ішінде аллергия, семіздік, тіпті өкпе ісігін тудыруы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ferra басылысына сілтеме жасап.

Татьяна Романенко шаңның өзі адам денсаулығына әсер етпейтінін, бірақ оның құрамында аллергиялық реакция тудыратын кенелер бар екенін айтады. 

Сондай-ақ, шаңның құрамында майлы тіндердің немесе липид алмасуының қалыпты дамуын бұзатын және артық салмақ жинауға әкелетін химиялық қосылыстар - обезогендер де бар екен.

Бірақ шаңның құрамындағы ең қауіптісі ауыр металдар, күйе және күйік элементтері. Бұл элементтер адамның өкпесін ингаляцияланған кезде қатерлі ісікті қоздырады.

Романенконың айтуынша, ластанған ауа әлемдегі өкпе ісігінің негізгі себептерінің бірі екенін бірнеше зерттеу растапты.

Ғалымдар ластанған ауа өкпе қатерлі ісігін 15 есеге арттыратынын дәлелдепті. Шаң бөлшектерінің құрамында біз канцероген деп атайтын зиянды заттар болуы мүмкін. Олар жасуша мутациясын тудырып, олардың қалыпты жұмысын бұзады және ісік процесін қоздырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова