Сот Боранбаевты үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

Сарыарқа ауданы №2 сотының судьясы Назгүл Бапақова кәсіпкер Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұраған адвокаттардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Адвокаттар сотталушылардың денсаулық жағдайы туралы айтып, сотталушыларды қамаудан босатуды сұрады.

"Адвокаттардың сотталушыларды бас бостандығынан айыруға байланысты емес, басқа бұлтартпау шарасына өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тартылсын", - деп түйіндеді судья.

Қайрат Боранбаев сотта мәлімдеме жасады

Еске салайық, бүгін Астанада Қайрат Боранбаев пен осы іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталды. Журналистер сот залына кіргізілді. Сотқа Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Қайрат та қатысып отыр. Ол сотқа әкесінің қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!