Қайрат Боранбаев сотта мәлімдеме жасады

Қайрат Боранбаев сотта мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz / Рабиға Дүйсенқұлова

Қайрат Боранбаев сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Кейінгі тоғыз айда айналамда қызық жайттар болды. Қаңтар оқиғасы отбасына қатысты адамның бәріне әсер еткенін түсінемін. Мен де отбасының мүшесімін, оны сіздер жақсы білесіздер. Конституцияда көрсетілген кінәсіздік презумпциясына сәйкес, оның кінәсі соттың күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады. Бірақ тоғыз айда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хабарламаларында мен және менің әріптесім зиян келтірді деп үнемі айыптаулар болды", - дейді Боранбаев. 

Ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Боранбаев, сондай-ақ, оған айып тағылған эпизод "әркім өз пайдасын алған әдеттегі сатып алу-сату келісімі" деп мәлімдеді. 

Еске салайық, 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.

Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина