Қазақстанда тойда әлем чемпионатының кубогы "көтерілді"

Танымал қазақстандық футболшы Нұралы Әліптің тойында әлем чемпионатының кубогы көтерілді, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі.

Танымал актер әрі шоумен Жандос Самалбеков Instagram-парақшасында қазақстандық футболшы, Санкт-Петербург "Зенитінің" қорғаушысы Нұралы Әліптің тойында түсірілген видеоны жариялады. Футболшының үйлену тойы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалына тұспа-тұс келді. Қонақтар тойда тікелей эфирді тамашалап, Аргентина құрамасының голдарын тойлады.

Аргентина жеңісінен кейін залға футболдан әлем чемпионатының басты кубогының көшірмесі әкелінді, ал футболшы қонақтармен бірге оны көтеріп, жеңісті алаңдағы аргентиналықтардай тойлады. 

Еске салайық, бұған дейін Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!