Ауылдықтардың табысы қанша айға жетеді?

Ауылдықтардың табысы қанша айға жетеді?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық қоғамдық даму институты зерттеу жүргізген. Зерттеу кезінде Қазақстандағы ауыл тұрғындарының басым көпшілігі тапқан ақшасын сол күйі жұмсап жіберетіні анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Институт мәліметінше, 55,5 пайыз респондент негізгі табыс көзінен айырылған жағдайда қолайлы өмір сүру үшін жинақтары жоқ екенін атап өткен. Ал 33,3 пайыз сауалнамаға қатысушы табысынан айырылған жағдайда бірнеше ай бойы ғана қалыпты өмір сүре алатынын айтады.

20,7 пайыз азамат үш айға дейін, 6,7 пайыз азамат алты айға дейін, 5,9 пайыз азамат алты айдан аса уақыт жинаған қаражатының есебіне өмір сүре алады екен.

Ал сауалнамаға қатысқан респондент саны - 1200 адам. Cауалнама Қазақстанның ауылдық елді мекендерінде жүргізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова