Жетісу облысында аюды атып, онымен суретке түскен ер адам анықталды

Жетісу облысында аюды атып, онымен суретке түскен ер адам анықталды

Жетісу облысының полицейлері аюды атып, онымен суретке түскен ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сурет биыл қыркүйекте Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілген.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алған.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында аюды өлтіріп, онымен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова