Жетісу облысында аюды өлтіріп, онымен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатыр

Жетісу облысында аюды өлтіріп, онымен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында аю өлтіріп, онымен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл сурет angry_taldyk Instagram-парақшасында жарияланды.

"Ақпарат назарға алынғанын хабарлаймыз. Қазір Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген жануармен түскен ер адамның сурет жасалған күнін, жерін және жеке басын анықтау үшін қажет шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ақпарат Табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілді. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек