Екібастұзда халық жылытқышқа таласып қалды

Екібастұзда халық жылытқышқа таласып қалды

Екібастұзда жылытқыштарды тегін тарату кезінде дүрбелең болды. Тұрғындар қыстырылысып, қарт әйелді таптап кете жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде павлодарлық кәсіпкер айтып берді. Кәсіпкер қазақстандықтардың ақшасына 106 жылытқыш сатып алып, оны пәтерінде тоңып жатқан тұрғындарға тарату үшін Екібастұзға келгенін айтқан.

Жылытқыш алып қалуға тырысқан жұртты оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған. Инстаграмға түскен кадрларда көбінің жай ғана тарату орнына жүгіретінін көруге болады.

"Сабырлы болуды сұрадым, бірақ нәтиже болмады, тарату мүмкін болмады. Бұған біз кінәлі емеспіз. Адамдар дүрбелең туғызды. Бір әжені шығарып алдым, таптап кете жаздады", - деді кәсіпкер.

Ол дүрбелең туғызғаны үшін кешірім де сұрады. Ер адам жылытқыштарды тегін тарататынын алдын ала хабарлағанын, бірақ мұндай жағдай болады деп ойламағанын айтты.

"Екібастұзда дүрбелең туғызғанымыз үшін кешірім сұраймын. Қоршау орнатып, ешкімнің зардап шегуіне жол бермеген полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Адам көп болды", - деді кәсіпкер.

Еске салайық, екі тәулік бойы апат салдарынан бірнеше көпқабатты және жеке тұрғын үй, бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланған болатын. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай