"Бұл - мен үшін тозақ". Қайтыс болған блогердің әйеліне жазған соңғы хаты пайда болды

"Бұл - мен үшін тозақ". Қайтыс болған блогердің әйеліне жазған соңғы хаты пайда болды

Ақтөбеде танымал блогер, вайнер, КВН-ші Мұрат Бірмағамбетов қаза болды. Желіде оның әйеліне жолдаған соңғы хаты пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ztb_kz Instagram-парақшасында жарияланды. 

"Қыздарыма жақсы әке, саған жақсы күйеу бола алмағаныма кешір. 25 жыл бұрын бұл жаман ауру - ойынқұмарлыққа тап болдым. Өмірімнің соңына дейін мен екі жақты өмір сүрдім. Бұл - мен үшін тозақ. Мұны тастауға мың рет тырыстым, қолымнан келмеді. Сондай қорқынышты. Саған, қыздарыма, анама, маған сенген адамдарға опасыздық жасадым. Бұл оймен қалай өмір сүремін? Кешіре алсаң кешір. Сенің бақытты болғаныңды қалаймын, сондықтан бұл өмірден кетемін", - делінген хатта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Еске салайық, бұған дейін блогер 19 қарашада хабарсыз кетіп, оралмағанын хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек