"Балағат сөздер жазып қойған". Түркістандық жүргізуші заң бұзғаны үшін жазаланды

"Балағат сөздер жазып қойған". Түркістандық жүргізуші заң бұзғаны үшін жазаланды
Фото: © polisia.kz

Көлігіне бейәдеп сөз жазып алған жүргізуші мен автобусқа арналған жолақпен көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылындағы маршруттық көлік жүретін жолақпен заңсыз жүрген ВАЗ 2114 автокөлігі анықталды. Бұл жайт бойынша жедел түрде әрекет еткен полицейлер автокөлікті дереу тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау") бойынша хаттама толтырды.

Сонымен қатар қала тұрғындарының бірінен Жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті. Онда Түркістан қаласы Ата Түрік көшесі бойында ВАЗ 2114 автокөлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына балағат сөздер жазып алғанын көрсеткен. Полицейлер оқиға орнына жетіп, құқықбұзушыны тоқтатты. Қазіргі таңда автокөлік айыптұраққа қойылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш