Астанада Президентті ұлықтау рәсімі басталды

Астанада Президентті ұлықтау рәсімі басталды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін сағат 10:50-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президентін сайлаудың ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек