Қазақстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды

Қазақстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды

Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде біз 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл жалпы сайлаушылардың 69,44 пайызы.

Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар:

Қарақат Әбден - 206 206 дауыс немесе 2,6 пайыз;
Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22 пайыз;
Жигули Дайрабаев - 271 641 дауыс немесе 3,42 пайыз;
Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53 пайыз;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 дауыс немесе 81,31 пайыз;
Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12 пайыз дауыс", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Әбдіров осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғанын айтты. 

ОСК мүшелері сайлау қорытындысымен хаттамаға қол қойды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина