"Көзіне жас алды". Жұлдыздар мәһрге не сұраған?

"Көзіне жас алды". Жұлдыздар мәһрге не сұраған?
Фото: Instagram

Мәһр - неке қиғанда әйелге жұбайынан берілетін сый. Берілген мәһр әйелдің мүлкі саналады, оған ешкімнің қол сұғуға құқы жоқ. Бірақ мәһр дін бойынша уәжіп саналады. Яғни неке шарты емес, неке мәһрді атамаса да қиыла береді. Massaget.kz тілшісі шоу-бизнес өкілдері мәһрге не сұрағанын анықтады.

Байзақова мәһрге не сұрады?

Танымал блогер, актриса Айжан Байзақова мәһрге не сұрағанын Stories-те айтқан еді. Блогер Instagram-парақшасында сұрақ-жауап айдарын өткізіп, Желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берген болатын.

Блогердің оқырмандары одан мәһрге не қалағанын сұраған.

"Мешітте ештеңе айтқан жоқпын, молдадан кейін жеке айтуымды сұрадым. Әрине, бұл туралы көп қалжыңдадық, бірақ білесіз бе, көлігі де, айфоны да бар, оның үстіне, тон кимейтін, әшекейге қызықпайтын адамға бір нәрсе сұрау қиын. Сондықтан біз әзірге нақты ештеңе шешпедік", - деді актриса.

Жазира Байырбекова мәһрге не сұрады?

Әнші Жазира Байырбекова да Желіде кейінгі кездері желіде көп талқыланып жүрген мәһрге қымбат сыйлық сұрау мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

"Күйеуінен "мәhр" сұрамағандар не істейміз? "Мәhр" сұрағандар мен сұрамағандардың пікірлері қалай екен?! Өзім жоқшылықта да, баршылықта да бір нәрсе әпер деп сұрамаппын. Осы үшін үйленбей, осы үшін ренжісіп қалмай ма екен жастар?! Әлде ер-азаматтың еңбектенуіне, ізденуіне түрткі бола ма?" - деп пікір білдірген еді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдірді. Бірі шариғат бойынша сұраған дұрыс десе, екіншілері ер-азаматты қинамау керек дегенді алға тартты.

"Шариғат бойынша сұрау керек дейді. Бірақ шамасы келмесе алып беруге міндетті емес деп ойлаймын. Ер жігіт мойнына қарыз болмасын деп ойласа алып беретін шығар. Мен сұрағам, мүмкіндігі жетіп жатса, алып берер. Мен үшін ол маңызды емес. Бір-бірімізді бағалап, бақытты өмір сүрсек болды. Бала-шағамыз аман, бауырымыз бүтін болса болды", "Мен шамасына қарап күміс жүзік сұрағанмын. Ол кезде тек бақытты болуды ойладым", "Қазіргі жастарды түсіну де, құптау да қиын. Өзіміз мәһр сұрамаптық", - деп жазған оқырмандар.

Жанель Мақажан мәһрге не сұрады?

Ал актриса Жанель Мақажан мәһрін алғанда тіпті көзіне жас алған.

"Мәһр. Некеде сұраған мәһріме "иманымды күшейтетін, Аллаһ тағалама бір қадам жақындататын ілім сыйласаңыз разы боламын" деген едім. Шүкір, қуанышымда шек жоқ. Көбі "алтын сұрау керек деп жатыр екен, бастамасы осы игі сыйлықтан болсын" деген ниетім", - деп жазған актриса Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janelle Makajan (@janellemakajan)

Алтынай Жорабаева мәһрге не сұрады?

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. 

Әншінің сөзінше, мәһрге көлік сұраған.

"Некемізді жаңарттық достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәһр бұрын сұрап қойғанмын, негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын əрине, Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік хайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер", - деп жазған әнші Желіде.  
 

@massaget.kz #мәһр#мәһір#көлік#неке#қазақстан#казахстан#ислам#дін#рек#хочуврек#үйлену#семья#отбасы#мешіт ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Еске салайық, бұған дейін мәһр деген не және оны не үшін сұрайтыны туралы материал жарияланған болатын. Сондай-ақ, шоу-бизнестегі образын өзгертіп, орамалға келген арулар кімдер екеніне шолу жасаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова