Вице-премьер ұлықтау рәсіміне кететін шығын туралы сұраққа жауап берді

Вице-премьер ұлықтау рәсіміне кететін шығын туралы сұраққа жауап берді
Фото: Akorda.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Менің ойымша, Президенттің ант беруі, ұлықтау рәсімі, көп қаржыны қажет етеді деп ойламаймын. Сондықтан, біздің тарапымыз қосымша қаражат бөлінбейді", - деп жауап берді Жамаубаев журналистердің сұрақтарына.

 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек